Ресейдің арнайы мекемелерінде 6,8 мың шетел азаматы елден шығару уақытын күтіп жүр. Бұл да былтырғымен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш.
Ресейге кіре алмаған шетел азаматтарының саны да артты. Алғашқы тоқсанда осы елге 79 мың адам кіре алмаған. Уақытша тұруға рұқсат алушылар саны 40,9 пайыз азайған.
Ресей құқық қорғау органдарының «заңсыз миграция» ұйымдастырды деген баппен заң бұзғандар саны 2,5 есе артқан. 669 адам Ресей азаматтығынан айрылған.
«Крокустағы» шабуылдан кейін Ресейде Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттарына, әсіресе тәжік азаматтарына қысым күшейді. Мигранттар жұмыс істейтін орындардан, жатақханалардан мигранттарды жаппай ұстады. Мұндей тексерулер мешіттер де жүргізілді.
Былтыр қазанда Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Ресей паспортын алған мигранттар Украинаға қарсы соғысқа барғысы келмесе, оларды азаматтықтан шығарып тастауды ұсынды. Желтоқсаннан бастап әскери есепке тұрудан жалтарғандарды азаматтықтан шығара бастады.