Ссылки доступа

«Тәжіктерді ұстап, таяқпен ұрды». Ресейдегі мигранттар көшелердегі тексеру, ұстау туралы әңгімеледі


Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде Орталық Азия елдерінен келген еңбек мигранттарының құқықтары шектеліп жатыр.

Елде шетел азаматтарын тексеру күшейді. Олардың көбісінде заң тәртібі бұзылады, дейді заңгерлер. Шетел азаматтарын топ-тобымен полиция учаскелеріне жеткізіп, бірнеше сағат бойы ұстайды. «Мигрант. Медиа» жобасының журналистері осындай заңсыздыққа тап болған бірнеше адаммен сөйлесті. Оларды аты-жөні жеке басының қауіпсіздігі мақсатында өзгертіліп берілді.

Мәскеудегі терактіден кейін полиция қолына түсіп қалғандардың арасында өзбекстандық Шухрат та бар.

«Бізді ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Сол жерде бәрін тексерді, саусақ ізін алды. Паспорттарымызды он сағат бойы тексерді, суретке түсірді. Менің телефонымды да мұқият қарады. Кіммен сөйлескенімді, кімдердің нөмірі сақталғанын, бәрін-бәрін тексерді».

Мигранты из Центральной Азии в России рассказывают о задержаниях и проверках на улицах
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Шухраттың айтуынша, онымен бірге Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген басқа да еңбек мигранттарын ұстаған. Учаскеге жиырма шақты адамды жеткізген. Он сағаттан кейін өзбекстандықтарды босатып жіберген. Мигранттың айтуынша, полиция тәжікстандықтарға қаттырақ қарайды. Олар полиция бөлімінде қалған.

«Тәжіктерді ұстады. Оларды таяқпен ұрды. Бір жігіт аяғы ауырып тұрғанын айтты. Бірақ өзбекстандықтарға қол көтерген жоқ. Бірақ дөрекі сөйледі, балағаттады».

Шухраттың айтуынша, полиция оны көшеде бірнеше мәрте тоқтатқан.

migrant.uz порталында Ресейде жүрген еңбек мигранттары үшін заңгерлердің кеңесі жарияланған.

«Тексерулер жүріп жатқандықтан, мигранттарға мынадай кеңес беріледі: Ресейде жүріп-тұруға рұқсат беретін құжаттардың бәрін дұрыстау (патент, миграциялық тіркеу); телефондағы, ноутбуктегі және басқа да гаджеттердегі браузер тарихын үнемі тазалап тұру; жағдай тынышталғанша қоғамдық орындарға жиі шықпау; туған-туыстармен жиі хабарласып тұру; төтенше жағдай бола қалғанда хабарласу үшін елшілік пен консулдықтар нөмірлерін сақтап қою».

Бұның алдында құқық қорғаушылар «Крокус Сити Холдағы» терактіден кейінгі бірнеше күнде мыңдаған мигрант полиция әрекетіне шағымданғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG