Ссылки доступа

Қырғызстан милициясы балалардың әскери тәрбиесімен айналысқан ресейліктер лагерін жапты (видео)


Ресейліктердің Ыстықкөлдегі әскери лагері
Ресейліктердің Ыстықкөлдегі әскери лагері

Қырғызстандағы Шолпан-Ата қаласында жергілікті милициясы балалардың әскери тәрбиесімен айналысқан ресейліктердің заңсыз тігілген лагерьлерін жапты. Бұл туралы Turmush басылымы хабарлады.

Басылым мәліметінше, лагерьлерде Ресейдің Сургут қаласынан келген 20 бала және бес ересек адам болған. Ресейліктер "ХМАО-Югра теңіз әскер одағының" мүшелері екенін, "оқушылар мен жастардың әскери-патриоттық тәрбиесімен" айналысқанын айтқан.

Олар Шолпан-Атаға "Қырғызстан әскери теңіз флоты ардагерлері одағы" мен "Пантера" әскери-спорт клубының шақыртуымен халықаралық форумға қатысуға келген.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, лагерьді жабуға олардың құзырлы органдардың келісімінсіз осындай орналасуы, сонымен бірге тазалық ережелерін сақтамауы себеп болған. Заң бұзғандарға 15 мың сомға дейін ($57-170) айыппұл салынған. Балалар Шолпан-Атадағы "Зеленстрой" кәсіпорынына қарасты аумаққа орналастырылды.

Ресейліктердің айтуынша, олар Ыстықкөлге 2019 жылдан бері келіп жүр. Олар биліктің рұқсатынсыз көл жағалауында 40 күн жататын болған.

Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері федерациядағы мектептерде әскери-патриоттық тәрбие сабақтары көбейді.

Ал 1 қыркүйектен бастап Ресей мектептерінде бастапты әскери дайындық сабағы енеді. Ол 1990 жылдары мектеп бағдарламасынан түсіп қалған.

XS
SM
MD
LG