Ссылки доступа

"Көмір түсіріңдер". Тәжікстан энергетика министрінің елдегі электр лимитіне қатысты сауалға жауабы


Дәлер Жұма
Дәлер Жұма

Тәжікстан энергетика және су ресурстары министрі Дәлер Жұма күз-қыс мезгілінде электр қуатына шектеу енгізілер-енгізілмесіне қатысты сауалға нақты жауап берген жоқ. Оның айтуынша, "халық қысқа дұрыстап дайындалып, көбірек көмір түсіріп алуы керек".

"Тәжікстан үкіметі көмір қорын ұлғайтып, азаматтарды өз уақытында қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстардың бәрін атқарып жатыр" дейді министр.

Өткен қыста және биыл көктемнің басында электр қуатына енгізілген шектеу журналистер мен министр арасында қызу пікір-талас туғызған. Дәлер Жұманың айтуынша, үкімет халықты электр қуатымен толық қамтамасыз етуге дайын, бірақ климаттың өзгеруі осы жоспарды орындауға кедергі жасап отыр. Министр оған мысал ретінде Вахш өзені деңгейінің күрт төмендеуін келтірді.

Бұған қоса, министр журналистердің Тәжікстан қыста электр қуатын Ауғанстан мен Өзбекстанға сатып отыр деген уәжін де жоққа шығарды. Оның айтуынша, үкімет электр қуатын мамырдан қыркүйекке дейін ғана шетелге сатады.

Мәліметтерге қарағанда, Тәжікстан былтыр қыркүйек-желтоқсан айларында көрші елдерге 31 млн долларға, ал қаңтар-наурыз айларында 7,2 млн долларға электр қуатын сатқан.

Тәжікстанда көптеген жылдан бері қазан мен сәуір айлары аралығында электр қуатына шектеу енгізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG