Ссылки доступа

Зеленский: "Біз ешкімнен кеңес сұрамай-ақ Қырымды қалайда қайтарамыз"


Украина президенті Владимир Зеленский Киевте халықаралық "Қырым платформасы" саммитінде баяндама жасап, Ресей аннексиялап алған Қырымды "қалайда қайтарамыз" деп мәлімдеді.

Зеленский Қырымды қайтару мәселесінде басқа елдермен кеңеспейтінін, "Ресеймен келіссөз жүргізу" мүмкін емес екенін айтты. Украина президентінің пікірінше, Кремльдегілер "ешқашан диалог орнатуды олаймаған, олар соғыс жүргізуге ғана дайын болған".

"2014 жылы елімізді оккупациялау керек деп шешті, әлем әрекетсіз қалған соң олар әрі қарай басына берді. Ал біз оларды тұмсығын бұзып жатырмыз", - деген Зеленский Украина "Ресейді тыныштандыру үшін" майдан шебін осы қалпында шегелеуге келіспейтінін білдірді.

Ол Қырымды азат еткен соң Украина Еуроодақтың бір бөлігіне айналады, сол кезде түбек тұрғындары көптеген мүмкіндіктерге ие болады деп үміттенеді. "Қырым жолдары еуропалық жолдардың бір бөлігіне, ал Қырым порттары бүкіл Еуропа порттарына айналады, Симферополь мен Берлинді, Ялта мен Неапольді Украина ғана байланыстыра алады", - деп мәлімдеді украин президенті.

"Қырым платформасы" саммиті Киевте онлайн форматта өтіп жатыр. Оған 60 елдің өкілдері қосылды.

XS
SM
MD
LG