"Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдап жатқандардың активтерін тәркілеу – дұшпанның есебінен бюджетті тез және нәтижесі толтыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған президент сайтындағы ақпаратта.
Тиісті заң жобасын Жоғарғы Рада 12 мамырда қабылдаған.
Құжатқа сәйкес, тәркілеу шешімін Жоғарғы антикоррупциялық сот қабылдайды.
Бұл заңды қолдануға төменгі жағдайлар негіз болады: Украинаның егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіру; мұндай әрекеттерді қолдау, оның ішінде "агрессор елдің"бағалы қағаздарына инвестиция салуу; украин патриотизімін "нацизмге" теңеу; украин еліне, мәдениетіне және тіліне қарсы араздықты қоздыру.
Мамыр айының басында "Сбербанк" пен "ВЭБ.РФ" корпорациясының Украинадағы еншілес банктерінің активтерін мемлекет пайдасына алу туралы жарлыққа қол қойылған.