Ссылки доступа

Зеленский: Ресей 1 маусымға қарай 300 мың әскерді мобилизациялауға дайындалып жатыр


Зеленский (оң жақта) және Стубб
Зеленский (оң жақта) және Стубб

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 1 маусымға қарай қосымша 300 мың әскер тартуға дайындалып жатқанын айтты. Бұл туралы ол сәрсенбіде Киевте Финляндия президенті Александр Стуббпен өткізген бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде жеткізді.

Зеленский Украинадағы мобилизация жоспары туралы сұрақтарға жауап берді. Украина президенті әскерге шақырылатын адамдардың нақты санын айтпады. Бірақ 500 мыңнан аз болады деді. "Бізге жарты миллион керек емес" деді ол.

Путин 2022 жылдың қыркүйек айында Украинадағы соғысқа әскери күш жетіспей жатқан кезде жартылай мобилизация жариялаған. Бірақ тиісті бұйрыққа қол қойған емес. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу мобилизация басталғаннан 300 мың адам әскерге тартылғанын білдірген.

3 сәуірде Ресейдің қорғаныс министрлігі жыл басынан бері 100 мыңнан астам адам келісім бойынша әскери қызметке өткенін мәлімдеді. Сонымен бірге 1 сәуірден бастап көктемгі әскерге шақыру мерзімі басталғанын, жалпы 150 мың адам әскерге шақырылатынын жеткізген.

Ресей билігі болса мобилизацияның жаңа толқынына дайындық жүріп жатқан туралы мәліметті теріске шығарды.

XS
SM
MD
LG