Ссылки доступа

Жанболат Мамайға митинг ұйымдастырды деген жаңа айып тағылуы мүмкін (видео)


В закрытом режиме и под угрозой новых обвинений: как в Казахстане судят Жанболата Мамая
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

Қазақстанда тіркелмеген "Демократиялық партия" лидері Жанболат Мамайға жаңа айыптар тағылуы мүмкін. Оның үстінен жүріп жатқан сот процесі кезінде прокурор айыптау актісін дайындауға қосымша уақыт сұрады. 

Қазір Мамай "полицейді балағаттады, несие амнистиясы туралы жалған ақпарат таратты және рұқсат етілмеген митингті ұйымдастырды" деген үш бап бойынша айыпталып жатыр. Саясаткердің әйелі Инга Иманбай оған қосымша айыптар тағылуы мүмкін екенін айтады.

Мамай – оппозициялық саясаткер. Ол биліктегі шенеуніктер, Назарбаевтың жанындағы адамдар және Алматы әкімі болған Бауыржан Байбек жайлы зерттеу материал жасаған.

Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін Мамай бейбіт митинг ұйымдастыру тәртібін бұзды деген айыппен ұсталған. Кейін оған Алматыда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыптар тағылды.

Жанболат Мамай былтыр 2 қарашада тергеу изоляторынан үйқамаққа босап шықты.

Против казахстанского активиста Жанболата Мамая завели уголовное дело
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

XS
SM
MD
LG