Ссылки доступа

БҰҰ: Ресей шабуылы басталғалы бері Украинада 8 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болған


Ресей шабуылынан зардап шеккен Херсон қаласының орталығы. 2023 жылғы 21 ақпан
Ресей шабуылынан зардап шеккен Херсон қаласының орталығы. 2023 жылғы 21 ақпан

Ресей күштері Украина аумағына басып кіргелі бері сегіз мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза болды. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының жаңа баяндамасында осындай мәлімет бар.

БҰҰ мәліметінше, 2022 жылғы 24 ақпаннан 2023 жылғы 15 ақпанға дейін 8006 бейбіт тұрғын қаза болған. Оның арасында 487 бала бар. 13 287 бейбіт тұрғын жараланған (954 бала). Бұл соғыста Донецк және Луганск облысының тұрғындары қатты зардап шекті: бір жылға жуық уақытта осы өңірлерде 4295 бейбіт тұрғын қаза болды, 7327 адам жараланды.

Баяндама авторлары қаза болғандар мен жаралы азаматтар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін ескертті. Өйткені соғыс жағдайында кісі өліміне қатысты ақпаратты тексеру оңай емес. Осындай өңірлерге Мариуполь (Донецк облысы), Лисичанск, Попасная және Северодонецк (Луганск облысы) жатады.

Украинадағы соғыста адам шығыны былтыр наурыз айында көп болған. 2022 жылғы наурызда Ресей шабуылдарынан 3918 бейбіт украиндық қаза болған, 2967 адам жараланған. БҰҰ 2023 жылы Украинада 263 бейбіт тұрғын өлгенін, 759 адам жараланғанын тіркеген.

Бұның алдында Украина ұлттық полициясы Бас барлау басқармасы 16 мыңнан аса бейбіт тұрғын опат болғанын хабарлаған.

Украина Ресей армиясының әскери қылмыстарын қалай зерттеп жатыр:

XS
SM
MD
LG