Ссылки доступа

Қазақстанда ескерткішке  Z белгісін салған адам қамауға алынды 


Луганск облысындағы орыс солдаттары, 26 мамыр 2022 жыл 
Луганск облысындағы орыс солдаттары, 26 мамыр 2022 жыл 

Қарағанды облысы Саран қаласының соты Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған танк-ескерткішке Z белгісін салған тұрғынды 7 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметі хабарлады.  

Оны ұсақ бұзақылық бабы бойынша айыптаған. Қамалған адамның аты-жөні айтылмайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 54 жастағы ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін білдірген.

Z әріпі Ресейдің Украинаға басып кіруінің ресми емес белгісі болып саналады. Бұл символ әдетте соғысты жақтаған акцияларда қолданылып келеді.

Қазақстан ресми түрде Z әріпін жарнамалауға тыйым салған емес. Бірақ көліктеріне Z белгісін қойып жүрген жүргізушілерге айыппұл салынды.

XS
SM
MD
LG