Халық арасында «Таштүрме» деп аталып кеткен бұрынғы №1 тергеу абақтысының ғимараты бұзылады. Оның орнына заманауи саябақ салынады. Өзбекстан үкіметінің 22 наурыздағы қаулысына сәйкес, «Таштүрменің» бұрынғы ғимараты үш айдың ішінде сүріледі, делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.