Қырғызстан үкіметі Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіп, мемлекет қарызының көлемі Ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 70 пайызы көлемінде болу керек деп белгілемекші. Сонымен бірге бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспау керек. Бұл жөнінде Қырғызстанның қаржы министрлігі хабарлады.