Ссылки доступа

Путин Асад елінің оппозициясымен келісімге келуге дайын дейді


Ресей президенті Владимир Путин Сирия басшысы Башар Асад егер еліндегі қарулы оппозиция "Ислам мемлекеті" ұйымымен бірігіп күресуге диалогқа келетін болса, олармен келіссөз жүргізуге дайын деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдеме Асадтың аяқ астынан Мәскеуге келгеннен кейін бір күннен соң жасалды. Ресей президенті Асадтпен бірнеше мыңдаған адам өмірін алып кеткен бас жылға созылған Сириядағы шиеленісті шешу жолдарын талқылағандарын хабарлады.

Путин сонымен бірге Мәскеудегі келіссөз кезінде Сирия басшысы Башар Асад Ресейдің қолдауына риза екендігін жеткізді деді.

АҚШ пен бірқатар батыс елдері Ресейді Сирияға жасаған әуе соққыларын қатаң сынға алып келеді. Алайда Путин болса, Сириядағы әскери операция осы елдің болашағы үшін маңызды деп біледі.

XS
SM
MD
LG