Ссылки доступа

Қырғызстан бірінші рет бүкіләлемдік жинақтау күнін атап өтеді


Қырғызстан 30 қазан күні Ұлттық банктің бастамасымен бірінші рет бүкіләлемдік жинақтау күнін атап өтеді. Бұл жөнінде ҚРҰБ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған күні коммециялық банктерде ашық есік күні өтіп, онда үлкендерге және балаларға арналған ақшаны қалай үнемдеу керек және неге жинау керек деген тақырыпта ашық лекция болмақшы.

Қырғызстанның Ұлттық банкі бүкіләлемдік жинақтау күнін атап өту маңызды, ол халықтың қаржылық сауатын ашуға көмектеседі деп есептейді.

XS
SM
MD
LG