Ссылки доступа

Тәжік-ауған шекарасында қақтығыс болды


Тәжікстан шекара әскері бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 қарашаға қараған түні, сағат бірлер шамасында шекарадан заңсыз өтпек болған әрекеттер тіркелген.

Сол жерде қақтығыс орын алған. Алайда Ауған контрабандашылар тобы түнгі уақытты пайдаланып, жасырынып үлгерген. Оқиға орнынан 20 килограмм гашиш пен 1,5 килограмм героин табылған.

Соңғы тоғыз ай ішінде тәжік-ауған шекарасында контрабандашылармен 19 қарулы қақтығыс орын алған. Осы аралықта 16 заңсыз есірткі тасымалдаушы мерт болса, екеуі жараланған.

Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараның ұзындығы 1344 километр. Шекараның көп бөлігі таулы рельефтерден құралған, сол себептен күзету қиынға соғады.

XS
SM
MD
LG