Ссылки доступа

Ресейдің әскерилері мен техникасы Сириядағы базадан тыс жерлерден табылған


Conflict Intelligence Team тобының блогерлері ресейлік әскерилер мен техникалардың Сирияның Латаки мен Тартустан 100 шақырым қашықтықта орныққаны жөніндегі суретті жариялады.

Суреттегі геолокацияға қарап, әскерилердің КАМАЗ көлігімен Хама қаласынан өтіп бара жатқанын анықтаған. Бұл Латакиидегі Хмеймим авиабазасынан 100 км қашықтықта орналасқан. Сонымен бірге блогерлер Instagram-ға суретін салған барлау қызметінің 16-жеке бригадасының арнайы жауынгері Илья Горелыхке сілтеме жасайды. Ол суретін Алеппо және Хомстан жариялаған.

Блогерлердің мәліметінше, ресейлік әскерилер Сирия үкіметінің күштерімен жақын жерде орналасқан.

30 қыркүйекте Сирияда арнайы операциясын бастаған Ресей бұл әрекеттері «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы бағытталған деген болатын. Алайда батыс тарабы Кремльді Башар Асад режимін ұстап тұру үшін күресіп жатыр деп айыптап келеді.

XS
SM
MD
LG