Ссылки доступа

Қазақстан ЕО-мен ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімге келмекші


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов келесі айда Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімге қол қояды деп мәлімдеді.

Ол бұл жөнінде Астанада өткен Еуразиялық экономикалық даму форумының бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

"Қазақстан Ресей мен Қытай секілді стратегиялық әріптестерімізбен қатар Еуропалық Одақпен де қарым-қатынасты тереңдеткісі келеді",- деді.

Бір жыл бұрын Қазақстан президентінің ЕО астанасына барған сапары кезінде Астана мен Брюссель 280 беттен тұратын төрт жылға созылған ынтымақтастық пен әріптестік жөнінде келіссөздің мәресіне жеткен болатын.

Еуропалық одақ та Орталық Азияда экономикасы ірі әрі Еуразиялық экономикалық одақта Мәскеудің басты әріптесі болып саналатын Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылып жатыр.

Құжат әзірге Еуропалық одақтың Украина, Грузия, Молдова секілді шығыс көршілерімен саяси келісімге қарағанда әлде-қайда әлсіз, бірақ Орталық Азия мен Ресей елдерінің кез-келген келіссөздерінен басым түседі деп бағаланып отыр.

XS
SM
MD
LG