Ссылки доступа

Мәсімов: Астана ЕЭО-ны тек экономикалық жоба ретінде қолдайды


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы клуб отырысында Қазақстан билігі Еуразиялық экономикалық одаққа тек саяси құрамсыз ғана қарайды деді.

"Қазақстан бұл жобаны қолдайды (Еуразиялық экономикалық одақ), бірақ тек саяси құрамсыз экономикалық жоба ретінде. Біздің ұстанымымыз осындай", - деп Мәсімовтің сөздерін келтіреді Қазақстанның үкімет басшысы.

Мәсімов сонымен бірге Еуропалық одақпен қарым-қатынасты тереңдетуге ниетті екенін атап өткен.

Мұнан бөлек, үкімет басшысы Қазақстанның қытайлық "Бір белдеу, бір жол" бағдарламасына қатысуы маңызды деген.

XS
SM
MD
LG