Ссылки доступа

АҚШ азаматтарына терроризм қаупін ескертеді


Құрама Штаттар әлемде саяхаттап жүрген америкалықтарға 13 қарашада «Ислам мемлекеті» (ИМ) өз мойнына алған Париждегі шабуылдан кейін террористік қауіптің күшейе түскенін айтып ескерту жасады.

АҚШ мемлекеттік департаменті 23 қарашада шығарған хабарламасында өздерінде бар ақпаратқа қарағанда «Әл-Қайда», «Боко Харам» және өзге де террористік ұйымдар әртүрлі аймақтарда теракті жоспарлауды жалғастырып жатқаны жайында мәлімет бар. Онда таяуда болған Дания, Франции, Мали, Нигерия, Түркиядағы шабуылдарды да еске салған.

«Америкалықтар қоғамдық орындарда және көліктерде мұқият болулары қажет, сонымен бірге демалыс орындарында адам көп жиналған жерден мүмкін болғанша аулақ болғандары жөн» делінген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан хабарламада.

XS
SM
MD
LG