Ссылки доступа

НАТО өз қатарына Черногорияны шақырды


НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельдегі жиында халықаралық альянсқа Черногорияның қосылуы туралы келіссөз бастауға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

«Біз Черногорияны құттықтаймыз. Бұл – өте тамаша альянстың бастамасы» деген Столтенберг.

Адриатика теңізі жағасында орналасқан, 600 мың халқы бар Черногория НАТО-ның 29-мүшесі болмақ.

НАТО құрамы бұған дейін 2009 жылы Албания және Хорватиямен толыққан.

НАТО-ның ұлғаюына қарсы Ресей бұған дейін Черногорияға альянсқа қосылуды «арандатушылық» деп қабылдайтынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG