Ссылки доступа

«Құмтөр» жұмысшылары доллар курсының өсуіне байланысты жалақыны арттыруды талап етті


Kyrgyzstan -- Workers wearing heatproof overalls pour molten gold from a crucible into moulds in a workshop at Kumtor gold mine extraction factory in the Tien Shan mountains, 14Mar2013
Kyrgyzstan -- Workers wearing heatproof overalls pour molten gold from a crucible into moulds in a workshop at Kumtor gold mine extraction factory in the Tien Shan mountains, 14Mar2013

«Құмтөр» алтын кенішінің жұмысшыларыы компания басшылығына жалақыны 50% көтеруді талап етіп хат жолдады. Бұл туралы Қырғызстанның тау-кен-металлургиялық кәсіподағының төрағасы Эльдар Таджибаев хабарлады.

Бұл талапты «Құмтөр» кәсіподағының төрағасы Авазбек Кожакматов ұлттық валютаның соңғы жылда АҚШ долларына шаққанда бірден 34%-ға құнсызданып кетуімен түсіндіреді. Қазір «Құмтөрде» істейтін жұмысшылардың 80%-ның банктерде доллармен алған несиесі бар.

Сонымен бірге хата кәсіпорынның түпкі өнімі – алтынның америкалық валютаға сатылатыны, ал жұмысшыларға жалақының соммен төленетіні, нәтижесінде жұмысшылар еңбекақысының нақты құнының төмендеп кететіні мен компания табысының өскені туралы жазылған.

Кәсіподақтағылар бұл талаптардың негізі бар әрі әділетті деп санайды. Қазір кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ арасында келіссөздер жүруде.

XS
SM
MD
LG