Ссылки доступа

Путин жүк көлігін жүргізушілері үшін айыппұл мөлшерін 90 есеге азайтатын заңға қол қойды


«Платон» жүйесі бойынша федералды жолақысын төлемегені үшін үлкен жүк көлігінің жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі 450 мыңнан 5 мың рубльге дейін төмендетілді.

Заң құқықтық ақпарат порталында жарияланып, күшіне енді. Ол бойынша, жүк көлігінің жүргізушілері айыппұлды тек көлік иесі шетелде болса ғана төлейтін болды. Заңды қайтара бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері миллионнан 10 мың рубльге дейін азайды. Заң бұзушылық бір күнде бірнеше мәрте қайталанса, көлік иесі тек бірінші заң бұзушылығы үшін жауапқа тартылады.

Федералды жолдарда жүргені үшін салмағы 12 тоннадан асатын автокөліктерден алым алу 2015 жылдың қарашаның 15-нен бері күшіне енген. Ол «Платон» төлем жүйесі арқылы төленеді. Бұл жаңалыққа наразы болған жүк көлігінің жүргізушілері бүкіл Ресей аумағында қарсылық шарасын өткізді. Сонымен бірге, ақшаны президент Путинге жақын олигарх Аркадий Ротенбергтің ұлы Игорь Ротенбергке тиесілі жеке компанияның жинайтыны да жүргізушілердің ашуын туғызды.

XS
SM
MD
LG