Ссылки доступа

Тәжікстанда атақты ақын туралы фильм түсірілді


Tajikistan -- Farzona, poetess, shooting the film 22.12.2015
Tajikistan -- Farzona, poetess, shooting the film 22.12.2015

«Согд Cinema» киностудиясының шығармашылық тобы тәжіктің ақын қызы Фарзон туралы «Сайхунның қызы»деп аталатын жаңа деректі фильмнің жұмысын аяқтады.

Фарзон Тәжікстанның посткеңестік әдебиетінің ең жарқын өкілдерінің бірі саналады.

1937 жылы Сталиннің бұйрығымен қуғынға ұшыраған Тәжікстан кеңестік халық комиссариатының тұңғыш төрағасы Абдурахим Ходжибаевтың Фарзон деген лақап атпен жазатын немересі Иноят Ходжиева 1990 жылдары жарық көрген алғашқы өлеңдерімен-ақ көпшілікті баурап алған. Оның Тәжікстан, Иран, Ауғанстан, Ресей, Британия және өзге де елдерде шыққан 20-дан астам кітабы көптеген мәртебелі сыйлыққа ие болды. Қысқа уақыт ішінде ол Тәжікстанның Халық Ақыны атағына ие болып, Рудаки атындағы мемлекеттік сыйлық иегеріне айналды.Сыншылар ақынды шығыстың ежелгі классикалық поэзиясы мен қазіргі заманғы әдебиет арасын жалғастырған буынға балайды.

«Согд Cinema» директоры Мухиддин Музаффардың хабарлауынша, «Сайхун қызы» жақын аптада экранға жол тартпақ.

XS
SM
MD
LG