Ссылки доступа

Тәжік содырлары бағытын Сириядан Ауғанстанға өзгертуде


Afghanistan -- Militants of the Islamic Movement of Uzbekistan (IMU) in the northern Kunduz Province, undated

Afghanistan -- Militants of the Islamic Movement of Uzbekistan (IMU) in the northern Kunduz Province, undated

Радио Озодидың дереккөздері Тәжікстаннан шыққан кем дегенде бес адамның Ауғанстандағы «Ислам мемлекетінің» қатарына қосылғанын хабарлады.

Бұған дейін олар Сирияға кетті деп болжанған. Бұл мәліметті «Ислам мемлекетіне» қосылмақ болған жолда, Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахор провинциясында ұсталған Душанбенің Н.К. есімді тұрғыны растаған. Тәжікстан билігі мұндай жастардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ал жақында Өзбекстанның Орталық Азиядағы Исламдық қозғалысының бөлімшесі саналатын қызметіне тиым салынған “Ансорулло” тобы интернетте Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы Вардудж уезін қатарларына жақында қосылған тәжіктердің көмегімен басып алғандары туралы хабарлама таратты.

XS
SM
MD
LG