Ссылки доступа

Мәскеу полициясы тағы да анасынан баласын тартып алды


Босқындардың балаларын бейімдеу орталығының директоры Ольга Николаенко БАҚ-қа 28 желтоқсанда Мәскеуде полиция қызметкерлері анасымен бірге келе жатқан 14 жастағы жасөспірімді ұстаған.

Оның сөзінше, жеткіншекте өзімен бірге паспорты болған, бірақ туу туралы куәлігі болмағандықтан алып кеткен.

«Оқиға былай болған: 14 жастағы бала анасымен бірге келе жатқан. Тоқтатқан. Құжаттары(паспорт) өздерімен бірге болған, анасының да. Туу туралы куәлігі болмаған. «Қорғансыз» операциясы бойынша баланы тұтқындаған, ауруханаға жіберген», - деді Ольга Николаенко БАҚ өкілдеріне.

Насим есімді жасөспірім бейімдеу орталығының оқушысы болған. Қазір оны балалар ауруханасына орналастырған.

Алдын 2015 жылдың қазан айында Петербургте полиция қызметкерлері Тәжікстаннан келген мигрант отбасының бес айлық сәбиі Умарали Назаровты алып, медициналық мекемеге жатқызған. Нәтижесінде ата-анасынан ажыраған сәби қайтыс болған. Бұл оқиға қоғамның қарсылығын туғызған еді.

XS
SM
MD
LG