Ссылки доступа

Назарбаев Университет «зерттеуші» мәртебесін алды


Kazakhstan - The Nazarbayev University. Astana 16Nov2013

Kazakhstan - The Nazarbayev University. Astana 16Nov2013

Назарбаев Университетіне бүгін зерттеу университеті мәртебесі берілді. «Қазақпараттың» хабарлауынша, үкіметтің тиісті қаулысына премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойған.

Қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Назарбаев Университет 2010 жылы ашылды. Университет қызметі үкіметтің құзырында және жеке заңдармен қорғалған, оқу орнының дербес мәртебесі бар, сондықтан білім министрлігінен бөлек жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG