Ссылки доступа

Тәжікстан тыйым салынған партия жетекшісін шақырған Иранға наразы


Tajikistan/Iran, Tajik Islamic Party Muhiddin Kabiri meet Iran leader Oyatullah Khomenai,30December2015

Tajikistan/Iran, Tajik Islamic Party Muhiddin Kabiri meet Iran leader Oyatullah Khomenai,30December2015

Тәжікстан елде тыйым салынған партияның жетекшісі Мухиддин Кабириді жылы қабылдаған Иранға наразы.

Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер Орталығы директорының бірінші орынбасары Сайфулло Сафаров Иранның рухани көсемі аятолла Али Хаменеидің Тәжікстанда тыйым салынған исламдық қайта өркендеу партиясының жетекшісі Мухиддин Кабиримен кездесуіне қатысты "Иран таңдауын жасауы керек, террормен қала ма әлде Тәжікстанмен бе?», - деп мәлімдеді.

Али Хаменеи желтоқсанның 29-да «Ислам бірлігі» халықаралық конференциясында Тәжікстанда қызметіне тыйым салынған партияның жетекшісі Мухиддин Кабиримен қысқа уақытқа кездескен. ИРАА кездесудің егжей-тегжейін келтірмеген, бірақ "Форс ақпарат агенттігі таратқан фотосуретте Хаменеи мен Кабири қол алысып тұр. .

«Ислам революциясының сақшыларына» жақын саналатын «Форс» жартылай ресми ақпарат агенттігі Кабиридің бұрнағы жылдары «Ислам бірлігі» конференциясына еркін қатысып келгенін және биыл оның партиясының қызметіне тыйым салынған соң “ерекше қонақтар” қатарында болғанын хабарлайды.

Тәжікстан СІМ желтоқсанның 29-да Иранның елдегі елшісін шақырып алып, «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалған және Интерполдың іздеуінде жүрген» Кабиридің Тегерандағы конференцияға шақырылғанына наразылығын білдірді.

XS
SM
MD
LG