Ссылки доступа

Ресей сириялық үкімет әскерінің шептерін күшейтті


Ресейдің Сирия аумағындағы әскери операциясы Башар Асадтың режимін нығайтты. Бұл билік өкілдеріне бейбіт келіссөздерде өздерін сенімді ұстауға мүмкіндік беріп отыр.

Бұл туралы НАТО әскери басшыларының кездесуі алдында АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының Біріккен комитетінің жетекшісі генерал Джозеф Данфорд мәлімдеді. Оның сөзінше, Ресейдің көмегімен сирия әскері көтерілісшілерден шағын аумақтарды қайтарып алған және бұрын оппозиция күштерінің екпініне әзер тойтарыс беріп келген бірқатар аудандағы жағдайын нығайтуға қол жеткізіп отыр.

Данфорд соңғы айларда ресейлік әріптесі Валерий Герасимовпен екі мәрте кездескенін айтты, бірақ Құрама Штаттар мен коалиция күштері Сириядағы ұрыс қимылдарын әлі де Мәскеумен кеңеспей жүргізуде.

Сирия оппозициясының дерегінше, ресейлік әуе соққылары 893 ИШИМ содырының көзін жойған, бірақ одан бөлек 1 000 бейбіт тұрғынның өмірін қиып кетті. Ұлыбритания қорғаныс министрі де Ресейдің Сирия аумағындағы тактикасын сынға алды. «Ресей ұшақтарының негізінен сириялық оппозиция күштері шоғырланған елдің оңтүстігіндегі қалалар мен елді мекендерге шабуылдауы, соғысты созып отыр және Асадтың режимін күшейту арқылы бәріміздің бірігіп ИШИМ содырларын елден қуып шығуға мүмкіндік бермей келеді», – деді Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фаллон.

XS
SM
MD
LG