Ссылки доступа

Путин: Ресей Сирияға әуе соққыны жалғастыра береді


Ресей президенті Владимир Путин Ставропольде Сирия президенті Башар Асадқа қаншалықты қолдау қажет болса, соншалықты Сирияда әуе соқыны жалғастыра береміз деп мәлімдеді.

Солтүстік — Кавказдағы федералды университетте студенттер алдында лекция оқыған Путин Мәскеудің мақсаты — Асадтың әскеріне «террористерді» жеңу үшін көмектесу деді.

Путин Ресей Сирияның алдында және елдің басқа аймақтарында мемлекеттік құрылымына араласуды көздемейді. Ол ресейлік күштердің жалғыз мақсаты — Сирия халқына террористерді жоюға көмектесу деген.

Ол бұл сөздерін Сирияның шығысында ресейлік күштердің соңғы жасаған әуе соққысынан кемінде 63 адам қайтыс болған оқиғадан кейін айтқан. Қайтыс болғандардың ішінде сәбилер де бар.

Құрама Штаттар мен НАТО Ресейдің жойқын ұшақтары Сирияның оппозициялық топтарына да соққы жасап келеді дейді.

XS
SM
MD
LG