Ссылки доступа

Швеция ондаған мың босқынды елден шығармақ


Швед үкіметі былтыр елге келген, бірақ сяаси баспана берілмеген ондаған мың мигрантты елден шығармақ.

Елдің ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Швецияның ішкі істер министрі Андрес Игеман мұндай тізімге 60 мыңға тарта адамның іліккенін айтқан. Оның сөзінше, бұл сан 80 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Игеман елден шығарылатын мигранттар санының көптігіне байланысты, депортация үшін арнайы ұшақтар жалданатынын мәлімдеді. 9,8 миллион тұрғыны бар Швеция халқының санының аздығына орай ең көп босқын қабылдаған Еуропа одағына мүше елдердің бірі.

Былтыр Швеция 160 мың босқынға баспана берген, олардың басым бөлігі Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Сириядан келген. Баспана сұраған 58 мың 800 өтініштің жартысынан көбі мақұлданған. Қаңтардың 4-де елдің шекара бекеттерінде фотомен сәйкестендіру тәртібі енгізілген соң, Швецияға ағылған босқын саны күрт азайған.

XS
SM
MD
LG