Ссылки доступа

Қазақстанда арнайы жасақтың жауынгерлік дайындығы тексерілуде


Қазақстанның қорғаныс министрлігі арнайы жасақтың қимылын пысықтау мақсатында арнайы жасақ бөлімдерін жауынгерлік дайындықтан өткізетінін мәлімдеді.

Министрліктің бүгін таратқан хабарламасында Батыс және Оңтүстік аймақтық қолбасшылығына қарасты арнайы мақсаттағы жасақтардың күшейтілген жауынгерлік дайындық тәртібіне көшкені айтылады.

Министрлік өкілдері қарулы күштердің нақты әскери дайындығын анықтаудың тиімді тәсілі ретінде атаған тексеру барысында арнайы жасақ сарбаздары «әскери мақсаттағы аудандарға» шоғырландырылған.

XS
SM
MD
LG