Ссылки доступа

Ресейде өзбек әйелді сәбиінен айыруы мүмкін


Ресейдің көші-қон қызметі өзбек әйелдің 7 айлық баласын тартып алды.

Орталық Азия жаңалықтар Қызметі сәби анасынан ажыратылып, ақырында шетінеп кеткен тәжік баласының қайғылы тағдырын қайталауы мүмкін деп хабарлайды.

Өзбекстанның Әндіжан облысы Шахрихан қаласының тумасы, 37 жастағы Гульрух Хусанова былтырғы жылдың 7 қазанынан бері, Магадан қаласындағы жергілікті көші-қон қызметі басқармасының арнайы қабылдағышында отыр. Ол тіркеу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты ұсталған.

Хусанованың баласы Ресейде дүниеге келгенімен жас ана туу туралы куәлік алмаған. Осыған байланысты, әйелді Өзбекстанға қайтаруы мүмкін.

Магадан КҚҚБ Әндіжан облысы Шахрихан аудандық АХАЖ бөліміне ұсталған әйелдің жеке басын куәландыруды өтініп, екі мәрте сұрау салған. Ресей тарабы Өзбекстаннан келетін құжат негізінде балаға туу туралы куәлігін жасап, баланы анасы Гульрух Хусановамен бірге еліне қайтарғысы келеді. Бұл құжатсыз әйелді Ресейден шығармайды. Бірақ әзірге өзбек тарабы Ресейдің көші-қон органының жолдауларына жауап бермей отыр.

Бұған дейін, өтокен жылдың 14 қазанында, Санкт-Петербург ауруханаларының бірінде тәжік еңбек мигранттарының бес айлық баласы Умарали Назаров жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оқиғадан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері баланы тіркеуінің мерзімі өтіп кеткен анасы Зарина Юнусовадан күшпен тартып алған еді.

XS
SM
MD
LG