Ссылки доступа

Бішкек пен Вашингтон ынтымақтастық туралы жаңа келісім дайындауда


Бұл туралы Жоғорку Кенештің төрағасы Асылбек Жээнбековпен кездесуінде АҚШ-тың Қырғызстандағы елшісі Шейла Гуолтни мәлімдеді.

Оның сөзінше, АҚШ Қырғызстанмен сенім мен өзара сыйластыққа құрылған тығыз қарым-қатынасын жалғастыра бермек.

«АҚШ саясаты қырғыз мемлекетінің тәуелсіздігін, аумағының біртұтастығын қолдауға бағытталған және солай боп қала береді. Демократия көкейкесті мәселелерді талқылауды, азаматтық сектордың белсене араласуын, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіріп отыруды талап ететін үздіксіз үдеріс», - деді дипломат.

Гуолтни тәуелсіздік алғалы бері Қырғызстанға 2 миллиард доллар көлемінде өтеусіз көмек көрсеткендерін еске салды.

Өз кезегінде қырғыз парламентінің төрағасы Жээнбеков, Қырғызстанның халықаралық әріптестеріне жан-жақты қолдаулары үшін алғыс білдірді.

«Соңғы жылдары елдің нақты экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу жолында үлкен жұмыс атқарылды. Енді стратегиялық дамуға кезек келді. Жақын жылдары біз елдің барлық саласын қамтитын ауқымды реформалар өткізуді ойлап отырмыз. Осы жағынан әріптестеріміз бізге қолдау көрсетеді деп күтеміз», - деді Жээнбеков.

XS
SM
MD
LG