Ссылки доступа

Қырғыз жігіті Мәскеу метросында әйелді құтқарып қалды


Полиция қызметкері Артем Королюк пен қырғызстандық жігіт Марат Исаев метро платформасынан рельске құлап кеткен Юлия Вальды құтқарып қалды.

Екеуі ес-түссіз құлап жатқан әйелді шығарып алмақ болған, бірақ поезд өте қатты жылдамдықпен келе жатқан. Әйелді рельстің екі ортасына жатқызып үлгеріп, өздері де екі рельстің арасына жата қалған. Осы арада поезд да келе қалған. Бірінші вагон олардың үстіне тоқтаған.

Әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Ал оны құтқарған полиция қызметкері мен қырғыз жігіті зардап шекпеген. Ал құлап қалған әйелде кенеттен эпилепсия талмасы көтеріліп, рельске құлап кеткен. Мәскеуде жұмыс істейтін 28 жастағы Марат Исаев ойланбастан бірден полиция өкіліне көмектесу үшін жолға секіріп кеткен.

Марат Исаев "Дизайн Депо" фирмасында хат тасушы болып жұмыс істейді екен. Мекеме басшылары қызметкерін ерлігі үшін марапаттамақ.

XS
SM
MD
LG