Ссылки доступа

Қазақстан: ұшқыштың дауы халықаралық деңгейге шарықтады (видео)


Скандал с подготовкой казахстанских вертолетчиков стал международным
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:50 0:00

«Қазавиақұтқару» АО бұрынғы ұшқышы Валерий Севостьянов сот шешімімен кәсіпорынға Германияда оқығаны үшін 8 миллион теңге қайтаруы керек. Алайда дау халықаралық сипат алып кетті.

2011 жылы ұшқыш Севостьянов «Қазавиақұтқару» кәсіпорнымен жалпы сомасы 19 млн 500 мың теңгеге (130 мың еуро) келісімшарт жасап, Германияда «Еврокоптер-145» тікұшағын басқаруды оқып келеді. Үш жылдан кейін жалақының үнемі кешігуіне байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болады. Бір жарым жыл өткен соң, кәсіпорын бұрынғы жұмысшысынан оқуына жұмсалған 8 миллион теңгені (20 мың еуро) қайтаруды талап етіп, сотқа береді. Ұшқыш бұл соманың қайдан шыққанын зерттей бастағанда қызық жайтқа кезігеді. Германияның ТЖМ ұшқыштарын дайындайтын Академияда өзі өткен курстың бағасы 1200 еуро екені анықталады. Сондықтан ол өзіне қатысты шыққан сот шешіміне қарсылық білдірді. Өз кезегінде, «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Мәлік Досымбеков бұрынғы қызметкерінің өтірік айтатынын және оны құжаттармен дәлелдеп бере алатынын мәлімдеді.

Бұл арада француздың «Ле Монд» газеті Қазақстанға 45 жаңа «Еурокоптер» сату мен Астананың іргесіндегі құны 2 млрд еуро болатын тікұшақ құрастырушы зауыт құрылысына қатысты өз зерттеуін жариялады. Басылым Францияның бұрынғы президенті Саркозидің адамдары осы келісім үшін 300 мың еуро пара алғанын айтады. Сарапшылар француз билігі Қазақстанның жоғары шенді шенеуніктерінің өтінішімен бельгиялық тереушілерге қысым жасады деп санайды. Нәтижесінде Бельгияның тергеу орындары осы келісімшартты дайындауға қатысқан және Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен тығыз байланыстағы тегі қазақстандық Бельгия азаматы Фатох Шодиев пен Қазақстанның екі азаматына қарсы қылмыстық істі 23 миллион еуро көлеміндегі ірі айыппұл төлеуге ауыстыруға келіскен.

Ақпан айының соңында ұшқыш Севостьяновтың ісі бойынша жаңа сот басталуы керек. Ол өзіне қарсы басталған сот ісінің басты мақсаты – мақсатсыз жұмсалған миллиондаған теңге шығынның орнын жабу екеніне сенімді.

Скандал с подготовкой казахстанских вертолетчиков стал международным
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:50 0:00

XS
SM
MD
LG