Ссылки доступа

"Eurovision- 2016" байқауына Украинадан Джамала қатысады


“Eurovision -2016” байқауында Украина атынан әнші Джамала қатысады.

Сусана Джамалдинова 32 жастағы қырым татары, сахнада Джамала деген атпен танымал.

Ол өзінің "1944" әнін шырқайды. Ән 1944 жылы Сталиннің бұйрығымен өзінің халқын Орталық Азияға жаппай депортациялау жөнінде. Композиция ағылшын тілінде, қайырмасы қырым-татар тілінде шырқалады.

Джамаланың өзі әке-шешесі көшірілген Қырғызстанның Ош қаласында дүниеге келген. Ол іріктеу кезінде бес қатысушының ішінде қазылар алқасы тарабынан ең жоғарғы баға алды әрі СМС-дауыс беру бойынша, көрермендердің ең көп дауысын жинады. Бұл дауыс беру Ресей басып алған Қырым үшін қол жетімсіз болды.

1944 жылдың мамыр айында Орталық Азияға 250 мың қарым татарлары көшірілді. Ондаған мыңы жолда ауырып қаза тапса, мыңдағаны аштықтан қайтыс болған. 1980 жылға дейін оларға отанына оралуға тыйым салынды, тек Совет одағы құлағаннан кейін барып, елдеріне қайтып оралды.

XS
SM
MD
LG