Ссылки доступа

Қырғыз белсенділері "Шетелдік агент" туралы заң жобасының қабылдануына қарсы


Қырғызстанның азаматтық белсенділері Жогорку Кенеш депутаттарынан "Шетелдік агент туралы" заң жобасын кері қайтаруын сұрады.

Бұл жөнінде олар бүгін Бішкекте осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстелде мәлімдеді. Заң жобасына қарсы петицияға 3 мыңнан астап адам қол қойған. Белсенділер аталған заң жобасын кемсітушілік деп атайды.

Жогорку Кенеш депутаты Чолпон Джакупованың айтуынша, шетелдік агент туралы заң жобасы қисынсыз, Конституцияға қайшы келеді. Ол елде үкіметтік емес ұйымдар онсыз да бақылауда деп атап өтті.

Депутат Алмамбет Шыкмаматов та заң жобасына қарсылық танытушылардың қолдады. Бұл өте қауіпті заң жобасы деп атап өтті.

Конституциялық заңдар, сот-құқықтық мәселелер жөніндегі комитеттің басшысы Галина Скрипкина "шетелдік агент" дегеннен көрі "шетелдік өкіл" деп ауыстыру қажет дейді.

"Бізге азаматтық тараптың заң жобасына қарсы екені белгілі, біз оларды есепке ала отырып, шешім қабылдаймыз", - деді ол.

XS
SM
MD
LG