Ссылки доступа

Құқық қорғаушылар Дүниежүзілік банкінен Өзбекстанға несие бермеуді талап етті


Вашингтонда Cotton Campaign коалициясы Дүниежүзілік банкінің президентіне Өзбекстан үкіметіне несие беруді тоқтатуды сұраған 140 мың адам қол қойған петицияны табыс етті.

Халықаралық құқық қорғаушылардың, кәсіподақ белсенділері мен бизнес өкілдерінің басын қосқан Cotton Campaign коалициясы ресми Ташкент елдегі мақта жинауда адам еңбегін қанауды тоқтатпайынша оған несие бермеу керек деп санайды.

Коалицияның үндеуінде 2015 жылғы мақта жинау науқаны барысында өзбек билігінің кемінде бір миллион адамды күштеп мақта теруге мәжбүрлегені туралы айтылады. Коалиция мұны дәлелдейтін биліктің ресми көрсеткіштері, сұхбаттар, есептер, аудио және бейне құжаттардың бар екенін мәлімдеді.

Мұның алдында Дүниежүзілік банк 2016−2020 жылдарға арналған әріптестік стратегиясы аясында Өзбекстанға 3,5 миллиардтан 4 миллиард АҚШ долларыне дейін несие беруді көздеп отырғанын мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG