Ссылки доступа

Қырғызстанда сайлаушыларды сатып алудан бас тартуға шақырды


Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Тайырбек Сарпашев саяси партияларды Ош қалалық кеңесіне сайлау кезінде сайлаушылардың даусын сатып алумен айналыспауға шақырды.

Бұл мәлімдемесін ол Ош қаласында сайлаушыларды биометрикалық мәліметтер бойынша сәйкестендірудің жетілдірілген тәсілімен таныстыру барысында жасады.

Сарпашев: «биометрикалық сәйкестендіруді енгізудің және саналатын сайлау жәшігінің арқасында сайлау кезіндегі екі жағымсыз әдістен: бірнеше мәрте дауыс беру және бюллетендерді топтап тастаудан құтылдық», - деді. Оның айтуынша енді соңғы түйткіл – сайлаушыларды сатып алу қалған.

Мемлекеттік тіркеу туралы қызмет төрағасының орынбасары Дастан Догоевтың айтуынша, 27 наурыздағы сайлауда қолданылатын сәйкестендіру тәсілі парламент сайлауындағыдан да оңайырақ болады. Оператор сайлаушының дербес сәйкестендіру нөмірін компьютерге енгізбейді, ПИН-ді бейнекамера оқитын болады. Бұдан соң сайлаушы саусағын сканерге қойып, биометрикалық сәйкестендіруден өтуі тиіс.

XS
SM
MD
LG