Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламаның жетістіктері туралы мәлімдеді


Қырғызстан үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарламаны толық жүзеге асырады. Бұл туралы премьер-министр Темір Сариев Жоғорку Кенештегі көпшілік коалициясының отырысында мәлімдеді.

Сариев Қырғызстандағы экономикалық жағдайдың ЕАЭО елдеріндегі өсімнің баяулауына да тәуелді екенін ескертті. ЕАЭО кірер алдында Қырғызстан үшін алғышарттар өте тиімді болған. Алайда одақ елдеріндегі экономикалық өсім мен сұраныстың төмендеуі, теңге мен рубльдің девальвациясы және антиресейлік санкциялар әріптес елдердің экономикасының әлсіреуіне әкелген. Сариев бұл жағдайда қырғыз үкіметінің шұғыл түрде дағдарыс салқынын мейлінше азайту бойынша шараларды қолға алуға мәжбүр болғанын айтты.
Премьер ел экономикасының өсімін 103,5% деңгейінде ұстаудың сәті түскенін мәлімдеді. ЖІӨ 423,6 миллиард сомды құраған. Бұл ЕАЭО елдерінің арасындағы ең үздік көрсеткіш. Жыл қорытындысына инфляция деңгейі Қырғызстанда 3,4% көрсеткен, бұл да ЕАЭО аясындағы ең төменгі көрсеткіш.
Сариев бизнесті қолдау мақсатында үкімет салық реформасын қолға алғанын баяндады. "Жақын уақытта кәсіпкерлерді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жағынан тексеруді азайту және мемлекеттік тексеру мерзімін қысқарту, несие алатын кәсіпкерлерді қосымша кепілзатпен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік кепіл қорын құру көзделуде», — деді қырғыз үкіметінің басшысы.

XS
SM
MD
LG