Ссылки доступа

Қазақстанда шенеуніктерге гаджеттерді пайдалануға тыйым салынады


Жергілікті ақпарат агенттіктері министрлік қызметкерлерінің айтқанына сүйеніп, Қазақстанда шенеуніктерге мемлекеттік мекемелерде смартфондар мен планшеттерді пайдалануға тыйым салынатынын хабарлады.

Бұл шара «ақпараттың сыртқа шығуының» алдын алу үшін жасалмақ көрінеді.Интернет-модульдері, фото және бейнекамералары бар құрылғыларға тыйым салынады. Агенттіктің хабарлауынша, мемлекеттік мекемелерде тек телефон қоңырауларын қабылдайтын және SMS-хабарлама жолдайтын мобильді құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне министрлік қызметкерлері мұндай тыйым туралы өздерін осы айдың басында ескерткен.

«Премьер-министрдің кеңсесінен 24 наурыздан бастап, қызметкерлердің мобильді құрылғыларды қолдануына тыйым салынатыны туралы хабарлама келді. Енді біз смартфондарды үйге қалдырып, тек жай телефондарды қолдануымыз керек», — дейді министрлік қызметкері. Агенттікке сұхбат берген басқа шенеунік тыйым сәуір айнынан бастап күшіне енетінін мәлімдеген. «Бұл мессенджерлер арқылы қызметтік мәліметтердің сыртқа шығып кетуіне байланысты шара», — дейді агенттіккпен сөйлескен адам. Үкіметтегі дереккөз мұндай тапсырманың расында да барын қуаттады.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұл тапсырманың режимдік нысандарда жүзеге асатынын айтты. Tengrinews.kz министрдің: «Өзіміз күзететін жерлерде осы тапсырманы орындайтын боламыз. Иә, қуаттаймын. (...) Мен былай дер едім: біздің қызмет - оперативті жұмыс. Бізде құпия мәселелер өте көп. Сондықтан біз бұған дейін де жиналыстарда мұндай құрылғыларды қолданбадық»,деген сөзін келтіреді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырыстарында планшеттердің қолданыла беретінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG