Ссылки доступа

Қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдай тұрақты


Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі қырғыз-өзбек шекарасының Чала-Сарт елді мекеніне жақын бөлігіндегі жағдай тұрақты деп хабарлады.

Қырғызстан әскерилері Өзбекстанмен шекараның келісілмеген бөлігін күшейтілген түрде күзетуде.Ташкенттегі дерек көздері Өзбекстан шекарашыларының да шекараның осы тұсындағы күзетті күшейткенін хабарлауда.

18 наурызда Өзбекстанның қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіне техникасын әкелуі Қырғызстанның тура солай жауап беруіне ұласқан еді.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 24 наурызда Қырғызстан шекара мәселесіне бола ешкіммен соғысуға тырыспайтынын, бірақ Бішкек қатер төнген жағдайда жауап беруге даяр екенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге, 23-24 маусымда Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің басшылары қатысатын саммитке бармайтынын да айтты.

Дегенмен қазір шекарадағы шиеленіс саябырсыған және даулы шекара бөлігінде орналасқан Чала-Сарт елді мекеніне баратын Қырғызстан азаматтары Ала-Бұқа – Кербен жолымен кедергісіз өтуде.

XS
SM
MD
LG