Ақпаратқа сәйкес, бұл фильм Тәжікстанның шалғай ауданындағы тау етегінде өмір сүріп жатқан қырғыздардың күнделікті тұрмыс тіршілігі жайында. Тарихи және қазіргі катаклизм жағдайында фильм авторы тау етегіндегі адамдардың сезімдерін шынайы жеткізе білген.
Фильм Қырғызстанның "Чагалдак филмз", Францияның "Cinedoc" продюсерлік орталығы мен Швейцария елшілігінің қолдауымен түсірілген. Фильмнің режиссері Азаттық радиосының (қырғыз қызметі) тілшісі Жаныл Жусупжан.
Еске сала кетейік, Тәжікстанның Жергетал ауданында этникалық қырғыздар тұрады.