Ссылки доступа

Назарбаев пен Ердоған ислам әлемін «татуласуға» шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулдағы кездесуден кейін мұсылмандарды татулыққа шақырған бірлескен үндеу жариялады.

Екі елдің президенттері "ислам үмметінің бірлігіне қауіп төндіретін" жетекші мұсылман елдерінің арасындағы "текетірестің өршіп бара жатқанына" алаңдаушылық білдірді. Олар сонымен бірге ислам ынтымақтастығы Ұйымының мүшелерін исламдық татуласуды қолдауға және "оны ислам үмметі үшін жақын жылдардардағы жаңа саяси платформа есебінде қарастыруға" шақырды.

Декларацияда ислам өркениетінің көптеген қақтығыстан, мемлекетаралық қатынастардың нашарлауынан және мұсылман елдері арасындағы әріптестік деңгейінің төмендеуінен тұратын «қайғылы кезеңді» бастан кешіп отырғаны туралы жазылған.

Қазақстан президенті кеше ИЫҰ бас хатшысы Ияд Маданимен кездесті. Әңгіме барысында ұйымға мүше елдердің исламофобияны жоюға және әлемдегі лаңкестікке қарсы күресуге қатысу жағы талқыланған. Назарбаев Түркияға 13–14 сәуірде екікүндік сапармен барған. Бүгін Қазақстан президенті Өзбекстанға ұшып келіп, президент Ислам Каримовпен кездеседі деп жоспарланған. .

XS
SM
MD
LG