Ссылки доступа

Ресейде БАҚ пен интернетке цензура енгізуді ұсынады


РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин АҚШ және оның одақтастарының Ресейге қарсы жүргізіп отырған буданды соғысына қатаң түрде жауап қайтару керектігін айтады. Ол бұл жөнінде "Коммерсант Власть" басылымының 18 сәуірдегі санында мәлімдеген.

Оның сөзінше, бұл "соғыс" саяси, экономикалық, ақпараттық және құқықтық салаға бағытталған. Мұның бәрі санкцияға, рубльдің құнсыздануына әкелді. Ақпараттық соғыстың салдары бәрін бүлдірді деп есептейді Тергеу комитетінің басшысы. Сол себептен де Бастрыкин интернетке шектеу қою керектігін айтады.

Оның пікірінше, экстремистік материалдар тізімін тез арада толықтыру керек, экстремистік және ұлтшылдық пиғылдағы ақпараттарды тарататын сайттарға шектеу қою керек.

Бастрыкин бұл мәселеде шетелдік резиденттерге тиесілі барлық электронды БАҚ-қа тыйым салған Қытай шешімін мысалға келтірді.

Террористік және экстремистік қызметті қаржыландырушыларды анықтап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін деп атап өтті. Бастрыкиннің сөзінше, аталған ұсыныстар енгізілген заң жобасын өзі басшылық ететін мекеме дайындап та үлгерген.

XS
SM
MD
LG