Ссылки доступа

Армениядағы Назарбаев көшесі атаусыз қалды (бейнежазба)


В армянском селе – без Назарбаева
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Арменияның Ширак облысы Арич ауылындағы орталық көшелердің бірінен алынып тасталды. Әзірге көше атаусыз тұр.

Арменияның Ширак облысы Арич Артик ауылындағы көше он жылдан астам уақыт бойы Нұрсұлтан Назарбаевтың атында болған.

Арич ауылы әкімшілігінің басшысы Роланд Назаретян Назарбаев көшесінің атын ауыстыру туралы шешімді өткен аптада ауылдық ақсақалдар кеңесі қабылдағанын айтты.

— Біз дұрыс істедік деп санаймын. Өйткені Назарбаев Арменияға келмеді. «Әзірбайжандар біздің бауырымыз, ал армяндар оларды өлтіріп жатыр» деді. Бұл нені білдіреді? — дейді ауылдың басшысы.

Бірнеше күн бұрын ауыл көшесіндегі «Назарбаев көшесі» дейтін тақташаларды алып тастаған. Көшеге әзірге жаңа ат берілмеді.

Арич ауылында Назарбаев атындағы көшеден бөлек, жергілікті кітапханада Қазақстан президентіне арналған бұрыш бар. Назаретян бұрышты қалдырғандарын,бірақ ол жердегі Назарбаевтың үлкен суретін алып тастағандарын айтады. Назарбаев көшесі Арич ауылында 1995 жылы қос халықтың достық қарым-қатынасының құрметіне пайда болған еді.

В армянском селе – без Назарбаева
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:14 0:00

XS
SM
MD
LG