Ссылки доступа

НАТО Мәскеумен ресейлік ұшақтардың Балтық теңізіндегі "әрекетін" талқылайды


Бүгін Ресей – НАТО Кеңесінің отырысында Балтық теңізіндегі ресейлік әскери ұшақтардың америкалық "Дональд Кук" эсминецінің маңында қауіпті деңгейде ұшқан және америкалық барлаушы ұшақты нысанаға алған екі оқыс оқиға талқыланады.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Батыстың әскери одағы мен Мәскеудің америкалық барлаушы ұшақ пен зымыранды эсминецтің жанында қауіпті маневр жасаған ресейлік ұшақтардың "қылығы" туралы әңгімелесетінін мәлімдеді. Вашингтон ресейлік ұшақтардың "Дональд Кук" эсминецін айнала ұшуын "жүйесін және агрессияшыл маневр" ретінде бағалады.

Брюссельдегі елшілер деңгейіндегі кездесу осы мәселе бойынша алғашқы кеңесу болады, себебі НАТО Ресей 2014 жылдың сәуірінде Украинадан Қырым түбегін тартып алған соң, Мәскеумен барлық әріптестігін тоқтатқан еді. Столтенберг тараптардың Ауғанстандағы жағдай және "Украина мен оның төңірегіндегі дағдарысты",талқылайтынын жеткізді.

Киев пен Ресей қолдау көрсететін сепаратистердің арасындағы әскери қақтығыс салдарынан 2014 жылдың сәуірінен бері 9 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG