Ссылки доступа

Түркіменстан президенті тағы да жүйріктер жайында...


Кітап 21 сәуірде өткен ат жарысы шарасында қатысушыларға сыйға тартылды. Осыдан кейін мәдени орталықта кітаптың ресми тұсаукесері өтті.

Сәуір айының басында президент Гурбангулы Бердымухамедов "Бүгінгі күн мен үшін тарихи күн болып саналады", - деп жазған кітабын аяқтағанын атап өткен.

Елді басқарған жылдан бері Түркіменстан президенті 36 кітап жазыпты. Оның ішінде "Ақалтеке – біздің мақтанышымыз бен қайратымыз" деген кітабы бар. Түркімен баспасөзі Гурбангулы Бердымухамедовті сәйгүліктің құнын білетін тұлға деп атаған.

2010 жылы елде Ақалтеке атын өсіру халықаралық қауымдастығы құрылған. Оның басшысы болып Бердымухамедовтің өзі сайланған.

XS
SM
MD
LG