Ссылки доступа

Байден аяқ астынан Иракқа келді


28 сәуірде ол Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абадимен және парламент спикері Салим әл-Джабуримен кездесті.

Байден АҚШ басшылық ететін коалиция мен ирак әскерлері "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте айтарлықтай жетістікке жеткенін мәлімдеген. Ол Абадимен болған кездесу содырлар 2015 жылы басып алған Мосұлды қайтару операциясына қатысты болғанын айтқан. Алайда Ақ үй Байденнің Күрд ауданының астанасы Ирбилге не үшін барғанын әлі хабарламады.

Соңғы айларда Иракта құрамында технократтар кірген жаңа үкімет келгелі бері саяси бөліну етек ала бастаған. Бұл мемлекеттік реформалар талап еткен халықтың наразылығына әкелді. ИМ Ирактың солтүстігі мен батысына әлі бақылау жасайды.

XS
SM
MD
LG