Ссылки доступа

Тәжікстан БҰҰ адам құқығы жөніндегі Кеңесінің сессиясында есеп береді


6 мамырда, Женева қаласында БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің кезекті жиыны өтеді. Онда Тәжікстан соңғы 5 жыл ішінде - 2010-2015 жылдар аралығында адам құқығын қорғау жағын қаншалықты жақсартқаны туралы баяндама жасауы тиіс.

БҰҰ-ның бұған дейінгі есебінде Тәжікстанда гендерлік теңдіктің сақталмайтыны, ал үкіметтің қоғамдағы әйелдің мәртебесін көтеру үшін және әйелдерге қатысты қалыптасып қалған қасаң көзқарасты жоюға қатысты қажетті деңгейде іс атқармағаны айтылған болатын.

БҰҰ сонымен бірге Тәжікстандағы тым ерте жастан үйлену мен көп әйел алудың көптігіне алаңдайды. Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің сессиясында сонымен бірге, елдің Жоғарғы сотының шешімімен лаңестік танылған Тәжікстанның исламдық өркендеу партиясының қызметіне тыйым салу мәселесі де қаралмақ.

Соңғы рет Тәжікстан БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңесте азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жөнінде 2012 жылы есеп берген.

XS
SM
MD
LG